2026 жылы Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылуы мүмкін. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Басылымда бар құжатқа сәйкес, еске алу шаралары Саранск пен Алматы қалаларында өтеді. Онда саясаткердің 80 жылдығына орай салтанатты шаралар мен ескерткіштер ашылады. Алматының таңдалу себебі – Жириновский осы қалада дүниеге келген.
Ол 2022 жылы 75 жасында қайтыс болды. Ресейде еске алу рәсімдерінен бөлек, Жириновскийге қатысты фильмдер көрсетіледі.
Қазақстанда мұндай көрсетілімдер бола ма, әзірге белгісіз.