21 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

РИМ ПАПАСЫ НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛМЕУІ МҮМКІН?

Елордаға Рим папасының келетіні туралы жаңалықты Билік ресми БАҚ арқылы жан-жақтан хабарлаған еді. Алайда, қыркүйектің 14-15-і күндері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатыса алмауы мүмкін екенін Франциск I CNN Portugal телеарнасына берген сұхбаты кезінде мәлімдеді. 85 жастағы понтификке дәрігерлер тізесінің жарақаты әлі жазылмағандықтан кезекті іс-сапарларды шегеруге кеңес беріпті. Сонымен қатар, Рим папасы Ресей мен Украинаның президенттерімен кездесу туралы жоспарының да өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұған дейін Понтифик екі елдің басшыларымен бетпе бет жүздесіп, соғысты тоқтатуға шақырғысы келетін ойы бар екенін мәлімдеген болатын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші Съезін ұйымдастырушылар Рим папасының шараға қатысатынын алға тартып отыр. Олар Бас спикердің Ресей мен Украинаға сапарын кейінге шегеруі мүмкін екенін, бірақ елордаға келетін жоспары өзгермегенін мәлімдеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар