-0 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

ҚАНТ БАҒАСЫ 1000 ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстанда күзге қарай қант бағасы 1 000 теңгеге дейін көтеріледі, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Қазірдің өзінде ең арзан қант Ақтөбеде  келісі 670 теңгеге сатылып жатыр. Алматы дүкендерінде қант 700 теңге. Оралда да осындай баға. Елордада қант келісінің бағасы 50 теңгеге қымбат. Яғни, 750 теңгемен саудаланып жатыр.  Шымкент пен Қостанайда қант шамамен 800 теңгеден сатылуда.

Қант тапшылығынан өңірлерде бір адамға 2-3 келіден артық  сатылмай жатыр.

Дегенмен Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қанттың бар екенін, бұл мәселе Үкіметтің бақылауында екенін мәлімдеді.

Биыл Қазақстанда қант қызылшасы бұған дейінгі жылдарға қарағанда аз мөлшерде, нақты айтқанда 12 мың тонна егілген. Мұның себебі, диқандар егінді көбейтуге мүдделі емес. Оларға соя өсіру әлдеқайда тиімді және оңай. Сондықтан тапшылықтың орнын толтыру үшін үкімет диқандарға қаржылық қолдау мен жағдай жасау керек дейді сарапшылар.

«Қант қызылшасын өндіруге байланысты шаруалардың өздерінде күрделі мәселелер бар. Суға қатысты маңызды мәселе туындап отыр. Өйткені қант қызылшасы ылғалды жақсы көретін дақыл. Біз әлі де 90 пайыз импорт тұқымға тәуелдіміз. Қант  қызылшасын өз бетінше іріктеу үшін күрделі жұмысты жолға қойған жоқпыз. Біз лайықты технологияларды қамтамасыз ете алмадық, өйткені біздің суару әлі ретке келтірілмеген. Ал бұл салаға жақсы инвестиция қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар