-1 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-1 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Қазақстанның солтүстік аймақтарын Ресейдің құрамына қосу керек деп әлеуметтік желіде провокациялық пікір жазған ерлі-зайыптылар бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Петропавл қаласы тұрғындарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған.

Бұған ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде Қазақстанның тәуелсіздігіне сенімсіздік тудыратын, ұлттық алауыздықты қоздыратын жазбалар жазғаны себеп болды. Атап айтатын болсақ, Қазақстанның солтүстік облыстары Ресейге тиесілі екенін, оны қайтару керегін мәлімдеген.

Сотта олар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Дегенмен айыптау тарабы заттай айғақ ретінде күдіктілердің видеоүндеуі жазылған видеоматериалды көрсеткен.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар