Өткен аптада Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекеттік меншікке өткендігі белгілі болды.
Динара Құлыбаеваның NNEF қоры бұл шешімді сотта дауламақ.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сот процесіне қатысты пікір білдірді.
«Бірінші және екінші сот инстанциялары өтті, енді конституциялық шағым қаралуда. Менің білуімше, алда бұл мәселені Жоғарғы сот қарайды және соңғы шешімді сол орган қабылдайды», – деді министр.
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек министрліктің бұл сот процесіне қатысы жоқ екенін, сондықтан басқа түсініктеме бере алмайтынын атап өтті.
«Менің білуімше, бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Ал екінші инстанцияның шешіміне сәйкес, мүлік мемлекетке қайтарылуы тиіс», – деді ол.
Қазіргі уақытта соттың соңғы шешімін күту ғана қалды.