-4 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
-4 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар жаппай төбелес шығарды

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Әртүрлі деректерге сүйенсек, төбелеске 20-дан 40-қа дейін адам қатысқан. Қақтығысқа осы оқу орнында білім алып жатқан Тәжікстан азаматтары да қатысқан болуы мүмкін деген ақпарат бар.

Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жанжал бірінші курс студенттері арасында болған. Нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл жарақат алған — сырылып қалған және көгерген. Медициналық көмек оқиға орнында көрсетілген, ешкім ауруханаға жатқызылмаған.

Баспасөз қызметі оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын айтты. Басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар