Францияның аудиовизуал және цифрлық коммуникациялар жөніндегі реттеушісі Arcom Eutelsat компаниясына ресейлік телеарналардың трансляциясын тоқтатуды міндеттеді.
Бұл шешім 2014 жылғы 17 наурызда ЕО Кеңесі қабылдаған қаулыға негізделген, онда аталған телеарналарды бақылайтын «Ұлттық медиа тобының» активтерін бұғаттау қарастырылған.
Құжатқа сәйкес, Arcom «Бесінші арна» мен СТС арналарын Eutelsat 36C спутнигі арқылы тарату еуропалық санкция талаптарын бұзатынын анықтады.
19 наурызда Arcom француздық спутниктік байланыс операторы Eutelsat компаниясына 72 сағат ішінде бұл арналардың хабар таратуын тоқтатуды міндеттеді.
РБК мәліметінше, бұл арналардың ЕО аумағында хабар тарату лицензиялары тоқтатылған. Алайда енгізілген шаралар аталған БАҚ пен олардың қызметкерлеріне зерттеу жүргізу, сұхбат алу сияқты хабар таратудан өзге қызмет түрлерімен айналысуға шектеу қоймайды.
Мәскеу енгізілген санкцияларды заңсыз және тиімсіз деп санап, оларды жоюды талап етуде.