Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сұрауына жауап бере отырып мәлімдеді.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ге тиесілі «Жомарт» кенішінде апат орын алып, адам өліміне әкелді. Трагедия нәтижесінде жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сұрауына жауап бере отырып айтты.
Премьер-министрдің айтуынша, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
«Метанның қауіпті концентрацияда жиналуы тау-кен қазбасының тектоникалық бұзылуы салдарынан туындап, жарықтардан газдың бөлінуіне әкелді. Сондай-ақ, апаттың себептері ретінде желдету жүйесінің жеткілікті деңгейде тиімді болмауы, шахтадағы метан құрамын бақылаудың уақтылы жүргізілмеуі және жауапты лауазымды тұлғалардың өндірістік қауіпсіздікке тиісті бақылау жасамауы аталды. Жұмыс берушінің кінәсі – 100% деп танылды», – деді Бектенов.
17 ақпанда кеніште опырылу орын алып, жұмысшылар тобымен байланыс үзілді. Кейін жеті шахтерден тұратын топтың денелері табылды, олардың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Компания трагедияның себебі ретінде табиғи газдың жарылуын атады, алайда корпорация опырылу нұсқасын растаған жоқ.
19 наурызда тағы бір жұмысшының қаза болғаны белгілі болды. Осыдан кейін компания өз кеніштеріндегі өндірісті ішінара тоқтатты. Келесі күні «Қазақмыс» 12 кеніш пен төрт фабриканың уақытша жабылғанын жариялады.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің иелері – олигархтар Владимир Ким мен Эдуард Огай. Владимир Ким – Қазақстандағы ең бай бес адамның қатарына кіреді.