23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Қазақстанда тағы да 5 жоғарғы оқу орны жабылуы мүмкін

Қазақстанда сапасыз білім беріп, тек диплом «таратумен» айналысқан 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі өтті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді

«Соңғы 2-3 жылдың аясында осындай диплом тарататын университеттермен жұмыс жасалынып жатыр. Осы мерзім ішінде 15 университет жабылды. Биылдың өзінде 28 мемлекеттік бақылау жүргізілді. Оның ішінде 14-і жоспарлы, ал қалғаны профилактикалық тексерулер»,

— деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілі ол ЖОО-да оқитын студенттердің нақты саны туралы айтпады.

«Нақты студенттер санын қазір айта алмаймын. Әр университетте орташа 2-3 мыңнан деп есептейтін болсақ, онда студенттер саны 10 мыңдай болып қалуы мүмкін», — деді вице-министр.

Айта кетейік, биыл ЖОО-ларға 28 рет тексеріс жүргізілген. Қазақстанда жалпы 119 жоғары оқу орны бар.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар