11 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

60 жастағы А. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Былтыр 28 мамырдан бері үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, экс-министр А. Мұхамедиұлының бір жылдан ұзаққа созылған соты аяқталды. Сот Мұхамедиұлын сегіз жылға, оның орынбасары Алмаз Нұразханды жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұған дейін Сот отырысында экс министр Президент Тоқаевтың адресіне жағымды пікірлер айтып, прокурорға шүйліккен болатын. Одан кейін психологиялық қысым көрсетіліп жатқанын айтып, психологтың көмегін талап етті. Оның жұбайы істі әділетсіз тергеліп жатыр деп санайтынын, күйеуінің неліктен өзіне қол салмақ болғанын айтты.

Назарбаев билігі тұсында лауазымды шенеуніктер ұзақ жылға сотталып, Нұрсұлтан Әбішұлының кешірім сұрап, немесе рахымшылыққа ілініп, мерзімінен бұрын еркіндікке шығып жүргенін білесіздер.  Мұхамедиұлы жағдайында оқиға қалай өрбитінін уақыт көрсетеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар