Фото: Ulysmedia.kz

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Сотта ату жазасымен де келісетінін, алайда, тағылып отырған айыптарды мойындамайтынын айтты.

«Мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасына да. Бірақ ақшаны шығындады деген айып үшін емес. Өлімнен ұят күшті деген», — дейді ол.

Астанада экс-министрдің соты бүгін де жалғасып жатыр.

«Бір жыл болды. Бірде-бір адам заң бұзушылық болды деп айтқан жоқ. Керісінше, біз Алтын адамды сақтап қалды, уақытында алып келдік. Мақұл, Үндістанда жата берсін деп қалдырсақ, Алтын адамды нақты жоғалтар едік. Сол үшін төрт адамның ұяты таза. Қазақстан жасасын!» — деді экс-министр сот соңында.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды.

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрап отыр.