23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫҰЛЫНЫҢ ҚАЙ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қайрат Сатыбалдыұлы № 22 колонияға жеткізілді. Бұл арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған колония, деп жазды Azattyq Ruhy.

Астана сотында Қайрат Сатыбалдыұлы тергеу изоляторынан кетіп қалғанын растады.

«Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім 20 қазанда заңды күшіне енді. Ол жазасын Шығыс Қазақстан облысы бойынша № 22 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде өтеп жатыр»,-деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты шешімді жариялаған. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар