2 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
8.3 C
Шымкент
2 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
8.3 C
Шымкент

Наурыздың он тоғызы күні өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысуға Орталық сайлау комиссиясы жеті партияны жіберді. Жолы ашылған партиялар: Amanat, «Ақ жол», «Ауыл», «Байтақ», «ЖСДП», «Қазақстан халық партиясы» және Respublica.

Бұлардан бөлек тағы да екі партияның («Ел тағдыры» және «Ұрпақтар жалғастығы») сайлауға қатысуға  құжаттары қаралып жатқандығы туралы Әділет министрлігі хабарлады. Министрліктің «көзі түзу болып» сегізінші ақпанға дейін тіркейтін болса, оларға да пропорционалдық жүйеде сайлауға түсуге мүмкіндік болады.

Республикалық бюджете 33,4 млрд теңге бөлінетін мәжіліс сайлауына өздерін тәуелсізбіз дейтін кейбір ұйымдар партия ретінде тіркеле алмағандықтан қатыса алмайтын болды. Олар: «Қазақстан демократиялық партиясы», «Алға, Қазақстан», Халыққа адал қызмет, «Біздің құқығымыз», «Еркін халық», «Халық таңдауы», «Ел тірегі».

Ал билік елде саяси қудалау жоғын айтады және тәуелсіз белсенділерге партияны тіркеуге кедергі жасағанын мойындамайды.

Сайлау аралас партиялық-мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар