16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты іске қосылды

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты toqaev2022.kz іске қосылды

Бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен, Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің қызметімен және т.б. танысуға болады.

Сайт ең алдымен, пайдаланушыларға ыңғайлылы және қажетті ақпаратты еркін алуға бағытталған.

Құрылымдық жағынан сайт бірнеше бөлімнан тұрады. Алғашқы үш бетте қолданушы 2019 жылдан бастап ел Президенті лауазымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған жұмыстарының тарихымен таныса алады.

Осы жерде кандидаттың Республикалық және өңірлік қоғамдық штаб мүшелерінің жұмысы туралы жаңалықтар бөлімі де бар.

Әрі қарай, пайдаланушылар сайлауалды бағдарламамен таныса алады. Толық мәтіні бар нұсқадан бөлек, бағдарламаның жеке блоктарын көруге болады.

«Өмірбаян» бөлімі классикалық мәтіндік форматта емес, лонгрид түрінде – тақырыптармен, сирек кездесетін фотосуреттермен және мектеп пен студенттік кезеңдерден, СІМ-дегі мансабы және т.б. кандидаттың өміріндегі көптеген айрықша сәттерден үзінділер берілген.

«Республикалық қоғамдық штаб» бөлімінде еліміздің әр өңірінен келген кандидаттың сенімді тұлғаларының тізімімен танысуға болады. Аймақтық штабтардың байланыс деректерін іздеу «Контактілер» бөліміне өтіп, қажетті қаланы таңдасаңыз, мекен-жайы, телефон нөмірі және пошта деректері көрсетіліп тұрады.

Сайттың соңғы бетінде пайдаланушыларға кандидаттың сайлауалды іс-шараларына қатысуға мүмкіндік беретін интерактивті қызмет бар.

Пайдаланушылар үміткерді қолдау үшін видео жүктей алады. Бұл бөлімде қазірдің өзінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам жас буын өкілі жолдаған видео модерациядан өтті.

Сонымен қатар, пайдаланушылар елімізді одан әрі дамытып, гүлдендіру үшін өз ұсынысын жолдай алады. Барлық ұсыныстар салалар және аймақтар бойынша бөлінеді.

Сондай-ақ, қазақстандықтар кандидатқа тілек хат жазуына болады.

Айта кетейік, сайт үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Республикалық қоғамдық штаб кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде штаб іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және басқа да үгіт-насихат материалдары сияқты барлық ақпарат орналастырылатын арнайы парақшалар ашты:

https://www.instagram.com/toqaev2022/
https://www.facebook.com/Toqaev2022

https://t.me/toqaev2022
www.tiktok.com/@toqaev22
https://www.youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар