13 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
13 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Ақмолалық кеншілер үш күннен бері ереуілде тұр

Әлеуметтік желілерде Бестөбе кентіндегі «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясының ондаған қызметкері наразылыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. Қазір 60-қа жуық адам ереуілдетіп тұр, оларды полиция мен СОБР жауынгерлері торуылдап жүр. 

«Біз бұл күндері бейбіт митингте тұрмыз, мәселеміздің шешілуін күтудеміз. Түнде  көшедегі прожекторды өшіріп тастады, шамасы, бізді тарасын деген болуы керек. Бірақ кеншілер өздерімен бірге шамдар, тамақ алып келді, жаңбыр астында түнеді. Таңертең мұнда көптеген полиция көліктері келді, қазір мұнда құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қарасы көп, ауыл әкімі де жүр, СОБР да көрінеді. Мүмкін бізді тарату мақсатында шығар», — деді кеншілер.

Полиция жиналғандардың барлығын таратуды талап етіп жатыр.

«Алтыналмас» – металл кен орындарын геологиялық барлау, оларды өндіру, қайта өңдеу және өнеркәсіптік инфрақұрылым салу салаларындағы қазақстандық компания. Қазақстанда 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Басқарма төрағасы – Владимир Джуманбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жаңаөзенде көлік компаниясының қызметкерлері наразылыққа шыққан.

Азаттық радиосы

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар