Қамауда отырған журналист Думан Мұхаметкәрімнің Алматы облысының Іле ауданында орналасқан үйінде тінту жүріп жатыр. Бұл ақпаратты оның адвокаты адвокаты Ғалым Нұрпейісов жариялады.  Оның айтуынша, тінту ҚР ҚК 458-бабы (экстремизмді қаржыландыру) бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда халықты митингке шақырды деген айыппен қамауға алынды. Содан кейін ол аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды. 

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхаметкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.