Сайлауда қандай бұзушылықтар болып жатыр?

Тәуелсіз бақылаушылар Сайлау учаскелері ашылғаннан кейін  бір -екі  сағат өтісімен ақ, бірнеше  құқықбұзушылықты тіркеп үлгерді. 

«Еркіндік қанаты» қорының мәліметінше, учаскелер ашылған сәттен бастап мынадай бұзушылықтар тіркелген: 

  • бақылаушылардың қозғалысын шектеу; процесті нақты көре алмау;
  • фото және бейне түсіруге тыйым салу;
  • учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының үгіті;
  • дауыс беруге арналған ғимаратты жабдықтау жөніндегі нұсқаулықты бұза отырып, бақылаушыға орындық бермеу.

Кейбір сайлау учаскелерінде бақылаушылар жеке бөлмеде отырып, терезе арқылы көріп отыруға мәжбүр. Мысалы, Астанадағы №23 учаскесінде осындай тәжірибе енгізілген.

Таңғы 8-де №2 сайлау учаскесінен «дауыстарды санау процесін фото және видеоға түсіргені үшін және комиссия мүшелеріне дөрекі қарым-қатынасы үшін» үшін бақылаушы шеттетілді (ЕҰУ жатақханасы). Айта кетейік, дауыстарды санау процесі тек 20:00-де басталады, ал бақылаушылар «ҚР сайлау туралы» Заңына сәйкес фото және бейнетүсірілім жасауға құқылы.

Ал Шымкенттегі кейбір сайлау  учаскелері сайлаудан бір күн бұрын дауыстарды санап қойғаны туралы хабар келді.