Экстер басқосуы. Мамин суреттің сырын айтты

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді.

Бұрынғы шенеуніктердің суреті бірнеше БАҚ пен Telegram-арналарында пайда болды. Асқар Мамин сурет шын екенін және ол Нұр-Сұлтанда түсірілгенін растады.
«Расында, өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарым ұйымдастырған қазақтың салт-дәстүріне сай («Сырға салу») шара өтті», — деді Мамин.
«Сурет туралы кейбір БАҚ-та айтылған болжамдарды орынсыз және арандату деп санаймын. Еліміз қазір дамудың, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұр. Осыған орай, осындай шешуші кезеңде Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, арандатушылар мен деструктив мақсаттағы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін», — деп түйіндеді сөзін.
Tengrinews.kz