4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

Алматыда бюджеттен 7,3 миллиард теңге шығынның алдын алды

«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бұл туралы Агенттіктің Қоғамдық Кеңесінің 1-ші көшпелі отырысы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Отырыс барысында Алматы қаласының қоғам өкілдерін Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Бүгінгі таңда жұртшылықпен жұмыс барысында Қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының әрбір саласы бойынша жұмыс топтары құрылып, қазірде жекелеген салаларда оң нәтижелер бар.

Мәселен, жер қатынастары саласында 1,2 млрд. теңге сомасына 16 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қоғамдық кеңестің Төрағасы Марат Башимов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғаммен сындарлы әріптестігінің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 1-ші орынбасары Дмитрий Малахов:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажет. Бұл тәжірибенің артықшылығы-өзара ақпарат алмасу, нақты шешімдерді бірлесіп талқылау және әзірлеу, бағдарламаларды кешенді әзірлеу және нормативтік актілерге қоғамдық сараптама жүргізу болып табылады. Жұртшылықпен үйлесімді жұмыс экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жедел қарауды және сапалы шешуді қамтамасыз етеді».

Қазіргі уақытта картаға 6 сала кірді: Құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік салалар.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство атап өткендей ағымдағы жылы департамент жұмысының негізгі бағыты экология саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге бағытталатын болады.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар