Заңгер «Назарбаевтың қасында жүріп» байығандар туралы айтты

Бұл туралы «Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Заңсыз келісімшарттар болғанын барлығы біледі. 162 отбасы жатып алып, жекешелендіру арқылы байып кетті. Forbes-та жүр. Оның барлығы жемқорлықпен байланысты екені айдан анық. Назарбаевтың қасында жүрген отбасының барлығы байып кетті. Қоғамның барлығы айтып жүр. Youtube-ті қараңыз. Конституцияға сай келмейтін мәселелерді құқық қорғау органдары қадағалау керек. Заңсыз алдың ба? Қайтарып бер. Қылмыстық іс қозғалды ма? Түрмеге отырасың, — деді ол.
Бәшімов барлық азамат Конституция бойынша тең екенін айтты.
Неге қарапайым азаматты екі тоқаш ұрлағаны үшін отырғызып қояды. Аналар қазір өз бетімен жүр. Онымен қоғам да келісе алмайды, — деді ол.
Бәшімов осыған дейін шенеуніктердің төбесінде Елбасының портреті тұратынын айтты. Ол Конституцияға сай келмейтінін айтады.

BAQ.KZ