16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

Әскерде сарбаз көз жұмса кімді трибуналға жіберу керек?

Сенат депутаты Геннадий Шиповских әскердегі тәртіпсіздікті, ата аналардың қорқынышын, жемқорлық пен, жазаны қатайту туралы мәлеле көтерді. Сенатор ата аналардың балаларының өмірі үшін қауіптенгендіктен әскерге жібермеудің амалын жасайтынын айтты. Әскерден жалтару үшін пара ұсыну қалыпты жағдайға айналғанына жасырын емес.

Қазір қоғамда жастарымыздың әскери борышын өтеуге, әскерге баруына байланысты үлкен сұрақ туындап отыр. Енді бірі әскерге барса, енді бірі әскерге барудан қорқады. Біз өңірлердегі бірқатар жағдайды байқап отырмыз. Мысалы, медициналық тексеру кезінде кейбір жастарымыз әскерден жалтару үшін тіпті, медкомиссияға өздері пара ұсынып, одан жалтарып жатыр, – деді Геннадий Шиповских.

Депутат сарбаздардың өздері, олардың ата-аналары да  әскерден жайдан-жай үрейленбейді.

Қазіргі заманда кім 18 жасқа дейін мәпелеп өсірген баласын аман-есен әскерге жіберіп, одан кейін Құдай сақтасын, мүгедек болып немесе табытпен қарсы алып жатса, кімге жақсы? Менің ойымша, біз әскердегі тәртіпсіздікті реттемей, парақорлықты арттырып жатырмыз, — деді сенатор.

Геннадий Шиповских әскери бөлімде сарбаз көз жұматын болса, сол бөлімнің бірінші басшыларын қатаң жазалау керек деп есептейді.

Егер өңірде бір сарбаз көз жұмса немесе бір сарбаз мүгедек болып қалса, менің ойымша,  дәл сол жердегі аймақтық бөлімшелердің бірінші басшылары міндетті түрде оларды жауапқа тарту керек. Тіпті, трибуналға жіберу керек. Сонда ғана тәртіп орнайды, — деді депутат.

Айта кетейік, Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар