11 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
20.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
20.3 C
Шымкент

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИНАРА ЕГЕУБАЕВАНЫҢ ҰЛЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАРУЛЫ ШАБУЫЛҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Билікті сынап жүрген журналист, Мәжіліс сайлауына қатысуға үміткер Динара Егеубаеваның ұлына жасалған қарулы шабуылды Алматы қалалық полиция департаменті тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл факт тіркелді. Полиция департаментінің тергеу басқармасы істің мән-жайын анықтау үшін кешенді жұмыс жүргізеді» деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Оқиға 5 ақпанда түнде болған. Егеубаева белгісіз бір адамның ұлына тапаншамен шабуыл жасағанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кешірек журналист әріптесі Вадим Борейкоға  ұлы подъезге қашып кіріп, құтылғанын, дереу анасына телефон соққанын хабарлаған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Егеубаеваға бірнеше рет қысым көрсету фактілері тіркелді.

14 қаңтарда Динара Егеубаева автокөлігінің салонына белгісіз біреулер от қойып кеткенін хабарлаған. Егеубаеваның өртеніп жатқан мәшинесі көрінетін видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Егеубаева бұл оқиғаны өзіне жасалған қастандық деп бағалаған.

Динара Егеубаеваның көлігі өртенгеннен бірнеше күннен кейін Ulysmedia.kz жаңалықтар сайтының бас редакторы Самал Ибраева белгісіз біреулер редакция сайтын бұзып кіріп, бас редактордың өзі мен отбасына байланысты жеке мәліметтерді жариялап кеткенін хабарлаған. Ол мұны жеке өмірге қол сұғу деп бағалады.

Көп ұзамай журналист Вадим Борейко да түн ішінде белгісіз біреулер пәтерінің есігін жөндеу көбігімен желімдеп кеткенін мәлімдеді.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар