Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды odemokratka.kz.
Министрлік жатақханалардағы орындарға қажеттілік туралы деректерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні 28 ЖОО білім алушыларды 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады, — деді ол.
Министр қандай жоғарғы оқу орнында қанша тапшылық болатынын айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 122 төсек -орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде — 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде — 4 000, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар.Нұр-Сұлтан қаласындағы бұл жағдайға қыркүйек айында жоспарланып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де әсер етуі мүмкін,- деді ол.