Аймағамбетов бір баласын мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсағанын айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 36 мың теңгеге мектеп формасын қалай сатып алғанын түсіндірді,  деп хабарлайды odemokratka.kz.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін меннен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады. Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады, — деп жазды министр өз парақшасына.
Ол өз сөзін растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса жариялағанын айтты.
Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді. Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді — деді Асхат Аймағамбетов.