Мәжіліс сайлауының нәтижесін мойындамай пикетке шығатынын мәлімдегені үшін 25 күнге қамалған экс-кандидат, тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрім бүгін еркіндікке шықты. Оны саяси серіктестері мен журналистер күтіп алды.

25 күнде он шақты кітап оқыдым. Өз ісіме өкінбеймін. Билік мені қайта қайта қамап, сындырамын деп ойласа қателеседі. Тәуелсіз журналистикадан оппозицияға баруыма мәжбүр еткен өздері. Қазіргі парламент-заңсыз парламент. Тәуелсіз кандидаттардың сайлауда жеңіске жеткеніне күмәнім жоқ,-деп мәлімдеді билікке оппонент журналист.