«7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу үшін осы күнге 116 мың қазақстандық өтініш беріпті.  Олардың 65 мыңы бағдарлама бойынша баспанаға қолдары жеткенімен, қалған 50 мыңнан астам отбасының өтініші тоқтап тұр. Сұранысты жабу үшін 130 млрд теңге жетпейді екен. 

яғни, биыл бағдарлама шеңберінде 100 млрд теңге ғана бөлінгелі отыр. Ол аз ғана отбасының талабын қанағаттандырады. Ал он мыңдаған адам сонда баспана ала алмауы мүмкін. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев:

««2-10-20» мен «5-10-20»-ға биыл тағы да 70 млрд теңге бөлдік. Ал үшінші бағыт – ешқандай кезекте жоқ, зауытта істейтін сияқты қарапайым кісілерге арналған «7-20-25» бағдарламасы. Ол бағдарлама бойынша 116 мың өтініш түскен болса, соның 65 мыңы қазір қанағаттандырылған. 870 млрд теңге игерілді. Жалпы бағдарлама бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған», — деді министр.

Оның айтуынша, халықтың бұл ипотекаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 600 млрд теңге керек.

«Бұл қаражат бөлінеді немесе бөлінбейді деп нақты айта алмаймын. Өйткені бағдарлама жалпы Ұлттық банктің есебінен қарастырылған. Біздің министрлік тарапынан өзіміздің ұстанымымыз бағдарламаны жалғастыру керек. Өйткені тиімді, халықтың қалауы бар», — деді Марат Қарабаев.