Сайлауға он тоғыз күн қалды. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың бірқатарын саяси науқаннан шеттетіп жатыр.  сайлауға жіберілмеген Кандидаттар мен тәуелсіз сарапшылар  бұның саяси астары бар дейді.  Бүгінге дейін кандидаттар тізімінен шығарылған азаматтарға тоқталайық. 

Сұлтан Хат Аққұлұлы-оппозициялық көзқарастағы журналист, тарихшы. Астана қаласындағы аймақтық сайлау комиссисы есеп комитететінің ақпаратына сүйеніп,  жылжымайтын мүлкін жасырды деген себеппен тізімнен алып тастады. 

Макс Боқаев— Атыраулық белсенді өтелмеген соттылығы үшін кандидат ретінде өте алмады. Ол мұны биліктің шынайы саяси өзгеріске еріктерінің жоқтығы деп бағалайды. 

Әлнұр Ильяшев. тәуелсіз саясаттанушы екі мың жиырмасыншы жылы «Нұр Отан» партиясын сынаған үшін сотталған болатын. Сайлау комиссиясы оның жазасының толық өтелмегенін алға тартып, додаға жібермеді. 

Ася Тулесова. Қоғам белсендісінің жарты жолдан кейін қайтарылуына оның салық комитетіне дұрыс ақпарат бермеуі себеп болды дейді ОСК

Тұңғышбай Жаманқұлов. Танымал актерға  да салық декларациясындағы «кінәрат» кедергі болды. 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров өтпей қалған кандидаттар жайында пікірін білдірді. 

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге қарағанда, тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін 45 кандидат кандидатурасын өз қалауымен алып тастау өтінішін білдірген. Комиссиялар оларды берілген өтініш негізінде тіркеуге алмады. Тағы 125 кандидатттың тіркеу туралы өтініші кері қайтарылды. Оның ішінде бір кандидат ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» конституциялық заңының Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 10 жыл көлемінде тұру қажеттігі жөніндегі талапқа сәйкес келмегені бойынша тіркеуден өтпеді»

Сондай-ақ тағы бірнеше кандидат Бас прокуратураның мәліметі негізінде тіркеуден өте алмаған.

«4 кандидат есептен шығарылмаған және өтелмеген соттылықтың болуына байланысты, 5 кандидат сот сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзғаны үшін кінәлі деп танығандықтан бас тартылды», деп қосты спикер.