4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

Жаңа Қазақстан: Елдімекендер елеусіз қалмады

Ауылдар мен шағын қала, елдімекендер мемлекет қолдауынан тыс қалып жатқан жоқ. Бұрын көп нәрсеге қолы жетпейтін тұрғындар қазір жаңа инфрақұрылым, интернет пен көгілдір отын жеткелі еш қиындықсыз тіршілік кешетін хәлге жетті. Әділетті жолды мақсат еткен «Жаңа Қазақстан» ауылдардың дамуына одан әрі көңіл бөліп жатқаны аңғарылады. Елдімекендердің жағдайын бір шолып шықсақ.

Интернеттің игілігін көруде           

Мемлекет билігі ауылдардың дамуына ерекше мән беретін ұстанымын әуелден байқатты. Тұрғындардың пікірі еленбей қалмас үшін ауыл әкімдерін сайлаудан бастап, жаңа мектептер салынып, интернетпен қамтып, мүмкіндігінше көгілдір отын жеткізуді міндеттеді. Оның нәтижесі көп ұзамай білінді. Бүгіндері ауылдық жерлердегі оқушылар жаңа мектепке баруда. Әр жыл сайын ел аумағындағы ауылдарда 100-ден астам білім ордасы бой көтереді.

Республикамызда интернетке қатысты аса бір проблема жоқ екені рас. Мәселен, ел аумағының 99 пайызы интернетпен қамтылған. 2020-2021 жылдарда сапа жақсара түсті, 3G интернет желісі 100 пайыз бар, ал 4G интернет желісі – 97 пайыз шамасында. Секундына 10 мбитке дейінгіні көрсеткішпен түгел аймақ толық қамтамасыз етілген. Уақытылы жүктелген тапсырмамен бұл меже бір орында тұрған жоқ, интернет сапасын жақсарту мақсатында алыс елдімекендерде интернет бағаналары орнатылып, халықаралық трафик желілерін жақсарту жайы қарастырылуда. Бұл қарқынмен Қазақстанда алдағы 5 жылда интернетке қатысты мәселе мүлде туындамайды. Алыстағы ауыл баласы да, қала баласы да интернеттен қалаған білімін оңай алып, заманауи жаңалықтарға ілесіп отыратын болмақ.

Көгілдір отын көпке жетті

Осыдан 10-15 жыл бұрын ауыл түгілі, кейбір шағын қалалардың жұртшылығы отын жарып, көмір тасып сабылып жүретін. Мемлекетіміздің жүйелі саясаты арқасында бұл мәселе шешімін тапты. Қазір Қазақстанның батысындағы 4 облыс – БҚО, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысы табиғи газбен 99 пайыз қамтылған. Халық отын жарып әуреге түспей, жаңа заманның көшінде көркем ғұмыр кешуде. Қызылорда мен Түркістан облысы да алдағы 2-3 жылдықта 100 пайыз көрсеткішке жетуді мақсат тұтып отыр.

Ілгеріде көмірден басқа жылу көзін білмеген еліміздің орталығы, шығысындағы өңірлер де газбен қамтылудың қарқынды үдересіне ілесуде. Биыл көпшілік аңсаған елорданы газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» құбырының жұмысы аяқталды. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзақтығы 1061 шақырым болатын, жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар аталған газ магистралін жүргізу екі елдің бірінің қолынан келер іс емес. Жеріміздің аумағы үлкен болғанына қарамастан мемлекет халықтың жайлы өмір сүруі үшін барын салуда. Жоғарыда айтылған «Сарыарқа» газ желісінің арқасында қазір Астана ғана емес, қаланың маңайында жатқанда шағын ғана, елдімекендер де көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, игілікке толы істің жақсылығын көріп отыр.

Ауылдар мен шағын қала һәм елдімекендерді жан-жақты дамытуға арналған мұндай жемісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретіні сөзсіз. Әділдікті ту еткен мемлекет – халқын қапыда қалдырмайды. Осы тұста еліміздің жетістіктерін оңды бағалауға еркіміз бар.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар