Екі мыңыншы жылдардағы ең беделді оппозициянер Алтынбек Сәрсенбаевпен оның екі қызметкерінің жұмбақ өлімі туралы жаңа версиялар пайда болды.Үш адамның өлімін өз мойнына алып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов араға он жеті жыл салып, өзінің кінәсіз екендігін алға тартып отыр. Ол қылмыстық іс бойынша тергеу қайта ұйымдастырылуын сұрап, Президент Тоқаевқа хат жазбақ екен. Ибрагимовтың адвокаты екі мың алтыншы жылы тергеудің бұрмаланғанын мәлімдеді. Ибрагимовке лауазымды тұлғалар қысым көрсетіп, оның өздері қалайтын версияны растамаса отбасына қауіп төнетін ескерткерткен. Ибрагимов адвокатына сол кездегі ҰҚК төрағасы Ә.Мұсаевтың, ішкі істер министрлігінде жауапты қызмет атқарған Қалмұханбет Қасымовтың ықпал еткенін айтыпты.

Рустам Ибрагимов Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевтың тапсырыс берді деп жалған түсініктеме берсе, мәселеңді шешеміз уәде бергенін айтады. Ал шын мәнісінде Өтембаевтың ешқандай кінәсі болмаған еді дейді. Өтембаев 2006 жылы жиырма жылға сотталған болатын. 2014 жылы үкімнің күші жартылай жойылып, бостандыққа шыққан ол төрт жылдан кейін қайтыс болды.

Ибрагимов қылмысты орындаушы емес екенін, ол бар болғаны сол күні Әлнұр Мұсаевтың тапсырмасымен өзге көліктен түскен Алтынбек Сәрсенбаев пен тағы екі адамды өз көлігіммен басқа адресте күтіп тұрған көлікке дейін жеткізгенін айтып отыр. Ибрагимов қылмысқа тапсырыс берушінің кім екенін нақты білмегенмен, Рахат Әлиев деп ойлайтынын жасырмаған.