8 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
8 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

МӘЖІЛІСТЕ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов 2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында Қаңтар оқиғасының біржылдығына орай арнайы тыңдау өтетінін мәлімдеді.

«Қаңтар оқиғасына» тура бір жыл толып отыр. Бұл жағдай еліміз үшін тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды. Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың жарасы да, салдары да жеңіл болған жоқ. Сондықтан, халқымыз да, қоғам да ол туралы жан жақты әрі ашық ақпарат алғысы келеді. Мемлекеттің өзі соған мүдделі. Себебі, Президент айтқандай, халықтан жасыратын ештеңе болмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек», – деді Е. Қошанов.

Сонымен қатар ол, Парламент Мәжілісі болған оқиғаның мән-жайын, тергеп-тексеру барысын үнемі бақылауда ұстап келе жатқанын жеткізді.

Өткен жылы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірге ашық талқылаулар өтті. Сол талқылаулар барысында біраз мәселеге нақты жауап берілген. Дегенмен, ел арасында Қаңтарға қатысты әлі де сұрақтар жеткілікті. Өткен бір жылдың ішінде қоғамда түрлі пікірлер, қилы қауесеттер тараумен болды.

«Осы бір жылдың ішінде жүргізілген тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау үшін, 2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында арнайы тыңдау өтеді. Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп береді. Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысады»,- деді партия төрағасы.

Арнайы отырыс республикалық «Хабар 24» телеарнасында және Мәжілістің сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар