11 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

«Талибан» қыздарға университеттерде оқуға тыйым салды

Министрлер кабинетінің шешіміне сәйкес, Ауғанстанның мемлекеттік және жеке университеттері қыз балаларды оқытпауы тиіс.

Шетел үкіметтері, оның ішінде АҚШ әлем елдері тәліптер әкімшілігін мойындаудан бұрын «Талибан» әйелдердің білім алуына қатысты саясатын өзгертуі тиіс деп мәлімдеді.

«Талибан барлық ауған азаматының құқықтарын, әсіресе адам құқығы мен қыз-келіншектердің құқықтарын құрметтемейінше халықаралық қауымдастықтың заңды мүшесі бола алмайды» деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Роберт Вуд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Барбара Вудворд студент қыздарды сабақтан шеттету Ауғанстандағы «әйелдер құқығын өрескел бұзу» деп атады.

Тәліптер билікке келгеннен кейін әйелдердің құқықтарын қорғауға уәде берген, бірақ ізінше шектеулер енгізе бастады. Былтыр қыркүйекте олар университеттерде сабақ оқу ережесін өзгертті: оған сәйкес, әйелдер мен ер адамдар бөлек оқитын болды, студенттер сабаққа барған кезде қатаң дресс-код сақтауы тиіс. Тәліптер 20 жыл бойы істеген әйелдер ісі жөніндегі министрлікті жойды, қыз балалардың мектепте білім алуын шектеді. Әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салып, тележүргізушілерді хиджаб киюге міндеттеді.

  • «Талибан» қозғалысы сот шешімімен Қазақстанда террористік ұйым танылған және қызметіне тыйым салынған. Астана тәліптер билікке келгеннен кейін 2021 жылы Кабулға президенттің арнайы уәкілі жетекшілігімен ресми делегация жіберген.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар