7 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
7 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Шетелдің 19 компаниясы Ресейден Қазақстанға қоныс аударған

Бұрын Ресейде жұмыс істеп келген 19 компания Қазақстанға келген. Бұл жөнінде Қазақстан үкіметінің дүйсенбіде өткен кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смаилов мәлімдеді.

«Бірқатар шетел компанияларын Қазақстанға тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін Қазақстанға 19 компания келді, өзгелермен де сөйлесіп отырмыз»,- деді Смаилов.

Бұған дейін Әлихан Смаилов 300-ге жуық ірі компания өндірісі мен кеңсесін Ресейден Қазақстанға ауыстыруға дайын отырғанын айтқан. Ол кезде Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы да басқа компаниялар Қазақстанға «қоныс аударып» қойған.

Ресей Украинаға басып кірген соң шетелдің мыңдаған компаниясы Ресейден кеткен. Оның 320-сы Ресейден толық кетсе, Starbucks, McDonald’s секілді компанияларды Ресей бизнесменді сатып алып, атын өзгерткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ресей рыногынан кетіп жатқан шетел компанияларын Қазақстанға тарту үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырған.

Қазан айында Алматы облысына келген сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 50-ден астам халықаралық компания келгенін айтқан.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар