Дариға Назарбаеваның қайда жүргені, саяси жоспары белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев қоры директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы журналистерге берген сұхбатында экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның қайда жүргенін айтты. 

Ол  Нұрсұлтан Назарбаев қоры жоспар бойынша жұмыс істеп тұрғанын, Қор директоры Дариға Нұрсұлтанқызы Астанада жұмыс істеп жатқанын хабарлады.  

«Әрине, ол кісі өзінің жұмысын атқарып жатыр. Неше түрлі өсек-аяңдарға мән бермейміз. Өйткені оның барлығы өтірік, жалған нәрсе. Ол кісі өзінің жұмысын атқарып жатыр. Қазір керісінше ол кісі біздің қоғамда одан әрі халыққа қызмет көрсетуге, әлеуметтік тапсырмаларды күшейтуге тапсырма берді» 

«Дариға Назарбаева қайтадан билікке келуі мүмкін бе?» деген сауылға оның орынбасары: 

«Жоқ, олай деп ойлаймаймын. Ол кісі барлық жұмысын қоғамға, жастарға беру жағына қатты мән беріп жатыр»