17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Қандастар Қазақстан азаматтығын қазақ тілінен емтихан тапсырмай ала алады

Үкіметте мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленуде.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтық алғысы келетін адам мемлекеттік тілді және сол елдің тарихын біліп, тиісті емтихан тапсыруы керек. Қоғамда кең талқыға түскен бұл жаңашылдықтан кейін «Қандастардың жағдайы қандай болмақ?» деген сауал туындаған еді.

Заң бойынша қандастар Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алады және жаңа заң жобасы оларға қатысты емес. Яғни тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан аумағында заңды негізде тұрақты тұратын қандастар қазақ тілінен емтихан тапсырмаса да болады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда тұрақты тұратын жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтары, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар да жеңілдетілген тәртіппен азаматтық ала алады. Мұндай жағдайларда өтініштерді қарау мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов «қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеу заң жүзінде бекітілмек» деп айтқан болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар