9 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Жигули Дарабаев Мұхтар Тайжанды жариялы түрде айыптады

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанды елде бүлік шығарып жүр деп айыптаған бейнеүндеуі жарияланды.

Президенттіктен үміткер Дайрабаев өз сөзінде Мұхтарды үнемі пікір таластырып жүргенін айта келе оны ұяттан безген дейді.

«Үлкенді сыйлау деген қайда, сен мені аға деп жүрген адамсың ғой. Енді президенттікке кандидат болып тіркелгенде ішің жарылып, жаның шығып бара жатыр ма? Пысық, ақылды, данышпан болсаң өзің неғып түспедің? Елдің бәрін бұзып, іріткі салып, комиссия құрдың, оны да оңдырмадың. Сенің жүрген жеріңе шөп шығама өзі? Менде нең бар? Адамда аз да болса адамгершілік деген болу керек қой», – дейді ол бейнеүндеуде.

Сонымен қатар ол бұған дейін Мұхтар Тайжан біржерді барып оңдырып келді дегенді естімегенін айтады.

«Сен кеше Нұрсұлтан Әбішұлының аппаратында да жұмыс істедің ғой. Одан кеттің. Кейін Тоқаевтың кезінде де жұмыс істедің. Ұлттық Кеңеске де өзің сұранып кірдің, жеке бас пайдаңмен. Ол жерден түк шықпаған соң безіп жоғалдың. Жер мәселесі жөніндегі комиссияға да сұранып кірдің. Бәрін қырам, жоям, қатырамын деп. Бір күн ауылда жұмыс істеген жоқсың, ауылдың қал жағдайын білмейсің. Ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдардың алаяқтықпен алдайсың. Пияз егіп, елдің бәрін жерге отырғызып кеткеніңе дейін білеміз ғой.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар