23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

«Ақорда едендері қып-қызыл қан болды»: Қаңтарда Тоқаев пен Мәсімовтің күзетшілері төбелескен

Қаңтар оқиғасы кезінде Ақорда едені қанға боялған.  Президент Тоқаев жеке күзеті мен ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімовтің күзеті төбелесіпті. Нақты қанша адам қаза тапқаны әзір белгісіз. Бірақ осы ақпаратты таратқан Орда кз. басылымының бас редакторы адам шығыны болғанын хабарлады.

Бажкенова болған оқиға туралы екі түрлі инсайттан естігенін мәлімдеді.

» 1-2 қаңтарда Ақорда мен Қазақстаннан кету туралы шұғыл өтінішпен Мәсімов Тоқаевқа бірнеше рет кірген. Тоқаев бас тартқаннан кейін наразылықтардың екпіні күшейе берген. 3 қаңтарда «тоқаевшылар» пен «мәсімовшілер» төбелесі болды», — деді ол.

«Алғаш рет Қазақстан президентінің резиденциясында қан төгілді. Ақорда едендері қып-қызыл қан болды», — деп қосты ол.

Журналист президенттің күзеті жеңіске жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, күрестің нәтижесі шешілген кезде, айналасындағылар үшін күтпеген жерден Тоқаев пен Мәсімов қытай тілінде сөйлей бастаған. Қалғандары үшін түсініксіз диалогтың соңында Мәсімов орыс тілінде: «Енді не істеймін?» деген.

Бажкенованың айтуынша, Тоқаев «Бірдеңе істеуге тым кеш» деп жауап беріпті.

3 күннен кейін Кәрім Мәсімов қамауға алынды.

Естеріңізде болсағ 2022 жылдың 6 қаңтарында Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды.  Оның орынбасары Самат Әбішев куәгер ретінде танылды.  10 наурызда ведомство Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен элиталық көліктер туралы айтты. ҰҚК-нің бұрынғы басшысын қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Тағылған айыптар бойынша ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар