11 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

ОСК «Байтақ» және Respublica партияларына барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берді

ОСК жақында ғана тіркелген «Байтақ» және Respublica партияларына барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берді.  Екі партияның да Қазақстанның барлық аймағында бөлімшелері болғандықтан осындай мүмкіндік берілді деді отыр аталған ұйым.

Екі апта бұрын ОСК жаңадан тіркелген Respublica-ның аймақтағы бөлімшесі жоқ болғандықтан, партия мәслихат сайлауына жіберілмейді деп мәлімдеген еді. Өткен аптада партияның Атырау облысынан басқа аймақтағы мәслихат сайлауына қатыса алатыны хабарланған.

Ал өздерін «жасылдар» ретінде көрсетуге тырысатын «Байтақ» партиясы бұған дейін тек 12 аймақтағы мәслихат сайлауына жіберілген еді. Бір апта бұрын партияның Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында бөлімшесі болмаған.

Сонымен биыл кезектен тыс өтейін деп жатқан Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізіміне бар болғаны екі ғана партия қосылды. Тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері саяси Тоқаев жүйесі нағыз оппозициялық партияларды түрлі себептерді сылтау етіп тіркемей, билікшіл азаматтардың партияларына ғана мүмкіндік берді деп отыр.

Ақорда жобаларына белсенді түрде қатысып жүрген «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртай «Meirbekqyzy» ютуб арнасына берген сұхбатта «билікшіл партия» деп айып таққан азаматтарға жауап берді.

 

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар