10 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Саясатта сабақтастық байқалады

Абай Тасболатов,

Генерал, мемлекет қайраткері

Мемлекетіміз әлемдік аренада өзін біртіндеп көрсетіп келеді. Саяси реформалар мен жаһандық жетістіктер халқымыздың тұрмысымен біте қайнасып, елдің әлеуетін арттыруға негізделген. Келешек ұрпақтың, жастардың білім алуы мен бақыты үшін мемлекет елеулі еңбектер атқаруда.
Елімізде өткелі тұрған кезектен тыс президент сайлауы саясаттың сәтті сабақтастығы іспетті болып көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау өткізу туралы қабылдаған шешімін өте орынды деп санаймын. Себебі қазіргідей өтпелі кезеңде бір шешімге тоқталып, ішкі және сыртқы саясат үшін толық сенім арқалай алатындай өкілеттілікке ие президент анықталғаны маңызды. Жер жүзінде, оның ішінде, көрші елдерде де қандай геосаяси ахуал болып жатқанын бәріміз байқап отырмыз. Сондықтан сақтықты алдын ала ескерген жөн. Алдағы сайлаудан кейін президентке қоғам тарапынан берілген сенімді арттырып, халықтың өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуін қамтамасыз етуіміз қажет. Саяси реформалар мен өзгерістердің қарсаңында еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт елдің амандығы қашан да өзекті мәселе болып қала бермек. Бұл тұста стратегиялық маңызы бар жобалар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүзеге асыру жайы биліктің ауысып отыруына тікелей байланысты дүние екенін айтқан абзал. Мемлекет дамуы үшін жасалған нақты іс пен тұрақтылық – қоғамның басты сұранысы екені даусыз. Осы ретте халық өз таңдауын лайықты түрде жасап, мемлекет дамуына серпін беретін қадамға барады деп сенемін.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар