17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

«Қазақстанның БҰҰ резолюциясына қарсы дауыс беруден басқа амалы болмады»

15 желтоқсанда Қазақстан Ресейді Украинадағы соғысын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін БҰҰ резолюциясына қарсы дауыс берді. «Уақытша басып алынған Қырым автономды республикасы мен Севастополь қаласындағы адам құқығы ахуалы» деп аталатын резолюцияны 82 ел қолдап, 14 ел қарсы шыққан.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның неліктен қарсы дауыс бергенін түсіндірмеді. Алайда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Азаттық радиосына» берген сұхбатында Қазақстанның басқа амалы болған жоқ деп айтты.

«Келесі жолы қарсы қалады. Амал жоқ, сөйтеміз. Қазақстанның жағдайын ескерсеңізші. Бір көршіңіз алқаш, бір көршіңіз наркоман. Сол кезде сіз бәрібір солардың жағдайын ескеруіңіз керек.Күшіңіз жетсе»

Бұған дейін Сарым мырза Редейдің Украинаға ашқан соғысына байланысты Қазақстан бейтарап болуы керек деп мәлімдеген болатын.

«Қазақстан соңына дейін бейтараптылықты сақтап қалуы керек. Әлде ерікті болып барғыларыңыз келеді ме? Ресейдің джиһад жариялағанын қалайсыз ба? Мына сұраққа жауап беріңізші: миллиондаған адамның босқындар лагерінде тұрып, Өзбекстанға немесе Қырғызстанға қашуын немесе біздің қалалардың бомбаның астында қалғанын қалайсыз ба? Басқаны айтпай тұрып, қазақстандықтар өз шаңырағына 20 туысын кіргізуге дайын ба? Біздің әскеріміз дайын ба? Мен біздің әскердің ахуалы қазіргі әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес деп есептеймін. Қаңтардағы оқиғалар көп шындықтың бетін ашып берді», – деді депутат Мәжіліс алаңында сұрақ қойған журналистерге. Менен ылғи Қазақстан Ресейдің ықпалынан қашан құтылады деп сұрайтын. Менің жауабым әрқашан біреу – ешқашан. Өйткені біз көршіміз және біздің экономикамыз бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сауданың төрттен бірі Ресей арқылы келеді. Сол себепті, біз ешқашан құтыла алмаймыз. Біз басқа да әрекеттерді жасай аламыз. Қосымша шаралар қабылдап, биржадағы сауданы шектеу арқылы тәуелділікті сәл болса да азайта аламыз»

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар