Көршілес Ресей Федерациясы Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру үшін магистральдық газ құбырын салумен айналысады. Бұл туралы 18 ақпандағы Ресей үкіметінің қаулысында айтылған, құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, газ құбырының жобалық қуаты жылына 10 миллиард текше метрді құрайды, ал компрессорлық станциялар 50 МВт қуатқа ие болады. Газ құбырының бағыты Түмен облысының аумағы арқылы өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газдандыру мәселесін шешудің екі мүмкін нұсқасын атаған еді. Бірінші нұсқа – «Газпромның» «Сарыарқа» жобасын жалғастырып, қазақстандық газды елдің солтүстік өңірлеріне жеткізу. Екінші нұсқа – баламалы сценарий аясында ресейлік газды пайдалану.
Фото: qazaqgaz