22 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
22 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

Қазақстанда пана іздеген 265 адам мен 301 босқын тұрады

Республика аумағында заңды түрде пана алған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.

Қазақстан аумағындағы пана іздеушілер мен босқындардың құқықтық жағдайына орай туындаған қоғамдық қатынастары босқындар құқығы саласындағы халықаралық заңнама қағидаттарына негізделіп қабылданған «Босқындар туралы» Заңмен реттеледі. Бұл қағидаттар атап айтқанда: жер аударылмау, босқын мәртебесін берудің ашықтығы мен қолжетімділігі, кемсітпеушілік, ақпараттың құпиялылығы, отбасының бірлігі және босқындардың балаларының құқықтарын қорғау секілді мәселелерді қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда пана іздеген 265 адам және 301 босқын өмір сүруде. Олардың көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады.

Біздің Республикамыздағы пана іздеушілер мен босқындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге босқындар мен пана іздеушілер еңбек бостандығы мен кәсіпкерлік қызметке де құқылы болады. Олардың елімізде болатын басқа шетелдіктерден айырмашылығы, оларға еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу талап етілмейді.

Қазақстан заңнамасы барлық балалардың, оның ішінде босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдардың балаларының тегін негізде мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығын қамтамасыз етеді.

Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тұрақтап қалуға өтініш жасауға құқылы. Құжаттарды тапсыру кезінде оларға шыққан елінде сотталмағандығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар