«Синематика» кинотеатрлар желісі «Рэкетир: жаңа заман» фильмін көрсетпейтінін ресми түрде мәлімдеді.
Билетті алдын ала сатып алған көрермендерге ақшаларын қайтару ұсынылды.
Себеп – прокаттық куәліктің қайтарып алынуы. Бұл шешімді кім қабылдағаны белгісіз, бірақ кинотеатрларда фильмді көрсеткендерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін.
«Нақты себептерді «Қырғыз тасмасынан» сұраған дұрыс. Біз тек олардың шешімін орындаймыз», – деп келтіреді Kaktus.Media басылымы кинотеатрлар желісінің мәлімдемесін.
Кейбір болжамдарға сүйенсек, тыйым салуға депутат Бактықбек Мариповтың қылмыстық әлемді дәріптейтін фильмдерді көрсетуге шектеу қою туралы ұсынысы әсер еткен болуы мүмкін.
Көрсетілімге ұсынылмайтын фильмдердің қатарында «Черный двор», «Слово пацана»,
«Бригада» және басқа да картиналар бар.