-6 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
-6 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Көмек көрсеткеннен жаман болмаймыз

Алтыншаш Жағанова, мемлекет қайраткері

«Жалпы, мемлекетіміз үшін миграция мәселесі таңғаларлық жаңалық емес. Кеңес заманында елімізге 2,5 миллион өзге ұлт өкілдері келген уақыт болған. Не бір ұлттарды жерімізге қоныстандырып, қонақжайлық көрсетіп, бауырымызға бастық. Олардың арасында миллиондаған немістер де болды. Қазір ресейліктердің елімізге келіп жатқанын көріп отырмыз. Бекерден емес, бастарына ауыртпалық түсіп, қиналғаннан пана іздеп, жәрдем сұрап келді. Қақтығысқа төзу мүмкін емес екені анық. Азаматтар себепсіз әскерге аттанбайтыны түсінікті ғой. Сондықтан жағдайларын ұғып, айыптауға болмайды.

Осындай жағдай бұрын бізде де болғаны есімде. Кезінде көші-қон агенттігін басқарып тұрған шағымда Ауған жеріндегі соғыстың қайнаған ортасында 156 қазақ қалып қойғанын білдік. Соларды Дубай арқылы елімізге жеткізіп, қамқорлық көрсеткенбіз, қауіпсіз жерге алып шыққан едік. Бұл жолы да соған ұқсас хәл болып тұр, талай ғасырдан бергі көрші халыққа қонақжайлық танытқан абзал. Ресейліктерді жолатпаймыз деп текке даурығудың қажеті шамалы. Ең бастысы, әрқайсысын есепке алып, бақылап отырған жөн.

Мемлекетіміз ресейліктерге қамқорлық жасап қана қоймай, ішінде әр сала бойынша білімді мамандары болса, жұмысқа қабылдаған артықтық етпейді. Сабырға салып, мәдениетке жүгінгеннен жаман болмаймыз. Арасында өте қажет мамандары бар екені сөзсіз. Яғни, бізге жаңа таңдау пайда болады, жұмыс күшінің сапасы жақсарады. Өзге ұлтқа көмек қолын созған халқымыздың абыройын арттырып, жаңа мүмкіндіктер ашады».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар