21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

Қазақстанға қазан айында Путин келеді. Азат Перуашев өз талабын айта ала ма?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресейден Қазақстанның мемлекеттілігін құрметтеуді талап ететінін айтты. 

«Ресей СІМ-нің ресми өкілдері Қазақстан елшісіне қарата айтқан сөздері дұрыс емес және екі елдің қарым-қатынасына сәйкес келмейді. Қазақстан Ресей өкілдерінің және жалпы мемлекетінің ұстанымына құрметпен қарайды. Дәл сол сияқты Ресейде біздің елге және сондағы өкілетті елшімізге сондай құрметпен қарауы керек. Білуімше, бүгін Қазақстан СІМ-і соған сәйкес тиісті мәлімдеме жасады, ол бүгін тарап кетті. Жалпы, мұндай мәселе Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғысқа байланысты екенін түсінеміз, бірақ Қазақстан ешкіммен соғысып жатқан жоқ, сондықтан біз өз өкілдерімізді құрметтеуді, мемлекеттігімізді құрметтеуді талап етеміз», – деді Перуашев бүгін мәжілістің кулуарында.

Қазақстанға қазан айының ортасында Ресей Федерациясының президенті мен ресми өкілдері келетіні белгілі. Демократиялық партияның Төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев жоғарыдағы  мәлімдемесін Ресей билігіне айта ала ма? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар