-12 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Тіркелмеген «YNTYMAQ» саяси партиясы Тоқаевқа үндеу жасады

Тіркелмеген «YNTYMAQ» саяси партиясы Тоқаевқа үндеу жасап, партияны тіркеуден екі рет өтпегенін, сондықтан саяси партияларды тіркеу туралы заңды одан әрі реформалауды сұрайды.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының тобы 2022 жылдың сәуір айында «YNTYMAQ» саяси партиясын құру туралы жариялады. Өзіңіз білетіндей, партияның ұйымдастыру комитеті екі рет құрылтай съезін өткізіп, екі рет құрылтай құжаттарын тіркеуге ұсынған. Екі жолы да ұйымдастыру комитетіне Әділет министрлігінен саяси партияны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама келген. Бас тартудың себептері өте әлсіз және нақты емес.
Партияның ұйымдастыру комитеті «YNTYMAQ» Республикалық партиясын құру жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Біздің бастамамызды Қазақстан Республикасының 6 мыңнан астам азаматы қолдап отыр. Сондықтан заңнама аясында біз өз мақсатымызға қарай жүреміз», — делінген «YNTYMAQ» республикалық саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ атынан Мейрам Қажыкен.
Мейрам Қажыкен перзиденттен саяси партиялар туралы заңды жетілдіруді сұрап және «YNTYMAQ» партиясы ерте ме, кеш пе тіркелетінін айтқан.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз бастамамызға ерекше назар аударуды сұрамаймыз. Ерте ме, кеш пе, партия тіркеледі. Саяси партиялар туралы заңнаманы реформалауды жалғастыруды сұраймыз. Заңда қатаң және біржақты түсіндірілетін нормаларды белгілеу өте маңызды, атап айтқанда: бастамашыл топты құруға, құрылтай съезін өткізу тәртібіне, құрылтай құжаттарының мазмұнына, оның ішінде «партия мүшелерінің» тізімі (әлі жоқ партия). Дәл осы тармақтар бойынша Әділет министрлігі түпкілікті шешім қабылдау құқығын сақтай отырып, заңнаманы еркін түсіндіреді.
Бізде конституциялық құқықтарымыз бар, олар үшін күресеміз. Біздің біліміміз, кәсіби құзыреттіліктеріміз және азаматтық күш-қуатымыз қоғам тарапынан да, мемлекет тарапынан да сұранысқа ие екеніне сенімдіміз», — дейді Қажыкен.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар