Әзербайжан астанасы Баку қаласынан Шешенстан астанасы Грозный қаласына ұшып шыққан Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Соңғы мәліметке қарағанда, 32 адам аман қалған. Аман қалған жолаушылар тізімін Маңғыстау облыстық ауруханасы жария етті.
“Кейінгі мәлімет бойынша ұшақтағы 32 адам тірі қалған, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр” деп мәлімдеді Әзербайжан бас прокуратурасының өкілі Кенан Зейналов баспасөз жыиыны кезінде.
Ұшақта 62 жолаушы болған. Жолаушылар тізімін Azerbaijan Airlines әуе компаниясы жария етті.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшақта болған жолаушылар тізімін жариялады:
1. Рамин Агаев
2. Ахмадов Рашад
3. Алимирзаева Хадиджа
4. Алимирзоев Али
5. Алиев Замин Идрис
6. Anqbazova Maleyka
7. Арсбаева Цейран
8. Aрысбаева Мадина
9. Асанов Ринат
10. Aтсаева Заира
11. Бабаев Анар
12. Байрамова Лейла
13. Праздник Айхан
14. Бислиева Джамила
15. Самир Девришов
16. Тофик Девришов
17. Ерлан Джунушалиев
18. Эдиев Увайс
19. Еганов Мухаммед Али
20. Евстикнеева Кристин
21. Филиев Рамадан
22. Гадиров Гейдар
23. Гистаров Ибрагим
24. Гистаров Рашид
25. Верующие Qogamova
26. Гурбахов Хамзат
27. Иандаров Арби
28. Рамин Ибрагимов
29. Игидова Нармине
30. Исмаилов Исмаил
31. Исмаилов Хабиб
32. Джафаров Тогрул
33. Джалилов Низами
34. Ариф Караев
35. Караев Хацибрахим
36. Махир Караев
37. Церов Хизри
38. Сеерова Салихат
39. Джумагулов Бауыржан
40. Cütayeva Salima
41. Xalayeva Hafis ət
42. Костиев Ибрагимхан
43. Махсудова Калина
44. Мамедов Заур
45. Мемориал Мехдиева
46. Мустафаев Фаик
47. Лейла Омара
48. Тилек Осмона
49. Папахов Мухаммед
50. Рахимов Субхонкуль
51. Садыгов Гошгар
52. Сайдуллаев Зинатул
53. Шабанова Вера
54. Шаймарданова Гаук
55. Сираков Нуруллах
56. Муслим Сиракова
57. Тулесинов Сандибек
58 Тутунчиев Махмуд
59. Убаев Арби
60. Езнаева Рана
61. Кумалуллайл Медин
62. Джумагат Эльдар
Бес адамнан тұратын экипаж мүшелері қаза тапқаны хабарланды.
«ҚазАэроНавигация» болжамынша, ұшақ әуеде құстарға соғылып, басқару құрылғысының бұзылуынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.
Апатқа байланысты үкімет комиссиясы құрылып, оиқға орнына аттанғаны да хабарланды.
«Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірген. Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылған. Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.
«Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді», — делінген көңіл айту хатта.