15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Астанада қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн-нан астам адам мінген

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр. Бұл туралы CTS хабарлады.

Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.

2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:
— 700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
— қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
— Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
— Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
— 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар