18 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
18 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Трамп: Путин соғысты тоқтатқысы келмесе онымен басқаша әрекет ету керек

Ватиканда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен соң Дональд Трамп өзінің Truth Social платформасында жазба жариялады. Жазбаның соңында ол былай дейді:

«Соңғы бірнеше күнде Путиннің үлкенді-кішілі қалаларды, бейбіт тұрғындар мекендеген аудандарды зымыранмен атқылауына ешқандай себеп болған жоқ. Бұл маған оның соғысты тоқтатқысы келмейтінін, бәлкім, маған жай ғана көзбояушылық жасап жүргенін және онымен басқаша – «Банк секторы» немесе «Қосалқы санкциялар» арқылы әрекет ету керек екенін ойлантады. Өте көп адам қаза тауып жатыр!»

Бұл пікірден бұрын Трамп жазбасында New York Times газетінің тілшісі Питер Бейкерге қатысты ұзақ сын жазған. Ол Бейкерді, әсіресе Украинаға қатысты Трамптың саясатына әділетсіз көзқарас танытты деп айыптады.

Трампты жақыннан бақылап жүрген журналистер (оның ішінде New York Times тілшілері де бар) бірнеше рет оның көпшілік алдында айтқан пікірлері өзімен кездесу өткізген адамның көзқарасына сай келетінін байқаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар