19-20 қаңтар күндері жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы автожолының 179-227 шақырымында батпақ пайда болған.
Оtpannews.kz сайтының мәліметінше, аталған аумақта қозғалыстың қиындауына байланысты 50 жүк көлігі жиналып қалған.
«59-шы жол пайдалану учаскесі қызметкерлерінің күшімен 42 көлік құралы эвакуацияланды. Қалған техниканы сүйреу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта осы автожол учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, жөндеу 2026 жылға жоспарланған», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы.