-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Депутат жеке тұлғалар үшін ипотека мен автонесиенің орнына «лизинг» беруді ұсынды

80%-дан астам қазақстандықтың кредиті бар, ал 1,5 миллион адам төлемді кешіктіріп отыр, деп атап өтті Respublica партиясының депутаты.

Бүгін Мәжілісте Respublica партиясының депутаты Олжас Құспеков ұсынған жеке тұлғаларға арналған лизинг енгізу туралы заң жобасы жұмысқа қабылданды. 2023 жылдың күзінде көтерілген бастама дәстүрлі несиелерге балама ретінде лизингті енгізуді мақсат етеді, бұл әдіс дамыған елдерде кеңінен қолданылуда.

«Жеке тұлғаларға арналған лизинг Қазақстан азаматтарына жаңа мүмкіндіктер ашады, материалдық игіліктерге қолжетімділікті арттырып, қаржылық сауаттылықты жақсартады. Бұл халықтың қарызға белшесінен батуының алдын алады», — деді Құспеков.

Депутат Салық кодексі мен «Қаржылық лизинг туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының жоғары пайыздары мен қатаң шарттары қаржылық қиындықтарға алып келеді.

Егер заң жобасы қабылданса, бұл қазақстандықтардың қаржылық жағдайын жақсартуға маңызды қадам болмақ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар